Өскемен жағажайлары жаңа маусымға дайын емес - ТЖ қызметі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен жағажайларын соңғы тексеру барысында ресми үш демалыс орындарының бірі де жүз пайызға қауіпсіз емес екендігін көрсетті, деп хабарлады қалалық ТЖ басқармасынан.

1 маусымда басталған шомылу маусымының ашылуына дейін жағажайлардың шомылу маусымына дайындығы тексерілді, және олардың барлығы қанағаттанарлықсыз жағдайда екені анықталды. Одан кейін демалыс орындарының иелеріне бұзушылықтарды жойып, тиісті тәртіпке келтіру үшін уақыт берілді.

Өкінішке қарай, соңғы тексерулер құтқарушылар бекеттерінің әлі күнге дейін құтқару жабдықтарымен соңына дейін жарақтандырылмағанын, балалар үшін тереңдігі 1,2 метрден аспайтын шомылу орындары жоқ екендігін, дауысы қатты шығатын құрылғылар мен телефондардың, алғашқы медициналық көмек көрсету бөлмелерінің жоқтығын, көрнекі насихат стендтері толық көлемде дайындалмағанын көрсетті.

Бұдан басқа, ТЖ қызметінен атап өткендей, жағажайда кем дегенде екі құтқарушы мен бір медициналық қызметкер болуы тиіс. Бұл орындарға тиісті дайындықтан, аттестаттаудан өткен маусымдық қызметкерлер тартылып отыр. Бірақ жоғарыда аталған мамандардың оқытылуын жағажайлар қожайындары қамтамасыз еткен жоқ.

Соңғы қорытындылар бойынша ақпарат қала әкімі мен прокуратураға жіберіледі.

Осы арада, аймақ құтқарушыларының мәліметтері бойынша, шомылу маусымы басталғаннан бері облыс орталығындағы бірнеше адам суға кеткен.