Сонымен қатар «Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының «Шемонаиха - РФ шекарасы» учаскесінде (105-123 км) көліктерге жол жүруге рұқсат етілді.
Ал Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы (борап жауған қар, көктайғақ) және жолдың нашар көрінуі салдарынан «РФ шекарасы (Екатеринборға қарай) - Алматы» автожолының Қарағанды және Балқаш қалалары арасындағы учаскеде (1492-1854 км) жолаушы және жүк көліктерінің қозғалысына әлі де шектеу қойылған.
Сондай-ақ, 2011 жылғы 4 ақпанда сағат 8.15-тен бастап «Қызылорда - Павлодар» автожолының бұдан бұрын жабық деп жарияланған «Топар - Жезқазған» учаскесінде (435-905 км) жол ашылды.