Өскемен жұртшылығы тыл еңбеккерінің қазасына кінәлілерді іздеп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Дауыл кезінде Өскемен қаласындағы «шатырдың қирауына» мердігерлердің тиянақсыздығы емес, алапат жел себеп болған. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның ШҚО-дағы филиалының директоры Ертөлеу Мешімбаев осылай есептейді.

Мұндай пікірді ол Өскемен журналистерімен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ТЖ салдарынан тыл еңбеккері қаза тапқан болатын. Қала әкімі Қуат Тұмабаев ауруханадағы дауылдан зардап шеккендердің көңіліні сұрап қайтқан соң, Өскемен жұртшылығы қаладағы шатырлардың ұшып кетуіне кінәлілерді іздестіруге кірісті.

Ертөлеу Мешімбаевтың айтуынша, қалада бұрын болмаған дауыл соққан.

«Осы уақытқа дейін қанша жел мен дауылды бастан өткердік, алайда  құрылысшылардың жұмысына қатысты ешқандай шағым болған жоқ. Шатырдың салынғаны 7 жыл болды. Мен сіздерге шатыр торламасының бір бөлігі жұлынғандығы түсірілген суретті көрсете аламын, ал итарқалары орнында тұр. Куәгерлер шатырдың осы бөлшегі бірнеше рет орнынан көтеріліп, тіпті 8-10 метр биіктікке дейін ұшқанын айтып отыр», - дейді Е.Мешімбаев.

Оның айтуынша, желдің күшеюінен жұлынып қалған шатыр бөлшегі «Автобасқарма» аялдамасы алдына ұшып түсіп, Халық банкі орналасқан Қазақстан көшесіне өткен. Зардап шеккен қария сол маңда кетіп бара жатқан.

«Біз зейнеткер қазасының оның отбасына ауыр тигендігін түсінеміз. Оның халін сұрап ауруханаға барған да болатынбыз, қызметкерлеріміз қан тапсырды. Өз тарапымыздан оның туысқандарына көмек көрсетейік деп шештік, компания президенті бұл ойымызды қолдап, Шерияздан Исановтың туғандарына қолдау ретінде жарты миллион теңге көлемінде қаржы бөлді», - деді Ертөлеу Мешімбаев.

Қалалық ауруханада дауылдан зардап шеккен тағы бірнеше адам жатыр. 18 жастағы студент Кәмила Бақытова «Заңғар» сауда орталығы алдында басына құрылыс бөлшегі құлап, ауыр жарақат алған. Зейнеткер Галина Анохина да сол дүкеннің алдында зардап шекті.

Қуат Тұмабаев зардап шегушілерге рұқсатсыз қойылған жарнамаларға қатысты мәліметтерді анықтауға уәде берді. Сондай-ақ әкімдік сапасыз құрылыстар мен нашар бекітілген құрылғыларға қатысы бар тұлғалардың барлығы тиісті жауапкершілікке тартылатындығын айтып отыр.

Аурухананың хабарланауынша, зардап шеккендер 12 күннен кейін үйлеріне қайтарылады.