«Өскемен - Зырян» тас жолында 3 қар көшкіні жүрді
10:35, 11 Желтоқсан 2012
ӨСКЕМЕН. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат -«Өскемен-Зырян» тас жолының 60-66 шақырымында 370 текше метрлік 3 қар көшкіні жүрді. Қар көшкіні жолдың жарты бөлігін жауып тастаған, деп хабарлады ТЖД.
Дегенмен көліктің қозғалысы тоқтатылған жоқ.
Бүгін облыстың жолдары бойынша қозғалыс барлық бағыттарда ашық.