Өскемен-Зырян тас жолының 14-інші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды: Lexus RX 300 көлігі қатты жылдамдықпен келе жатқан сәтте жыраға түсіп кетіп, аударылған. 33 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай қалған.
Салонда қысылып қалған 30 жастағы жолаушыны шығару үшін құтқарушылар шақырылды. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады, жолаушы алынған жарақат салдарынан жан тапсырды.
ЖКО кеше күндіз орын алды, - деп хабарлады департаменттен.