Жару жұмыстары кезінде жол уақытша жабылды. 9700 текше метр қар түсірілді. Жолды ішінара қар басып қалды. Жол 15.00-де ашылды. Жару жұмыстары кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
ШҚО өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы, «Апат медицина орталығы» құтқарушылары қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. «Қазселденқорғау» АҚ-да хабарлағандай, өңірде бірқатар қауіпті жолдар бар. Мамандар 446 қалың қар жиынын анықтады, 336 ошақ адам өмірі мен нысандарға қауіпті.