Өскеменді ертең тағы да түтін басып тұрады

Фото: Фото: Нелли Нигматуллина

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында ертең тағы да қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды. 

Қалада жел соқпай тұрғанына бүгін екі апта болды. «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай ертең де созылады.

— 1 наурыз сағат 20.00-ден бастап 2 наурыз сағат 20.00-ге дейін Өскеменде екінші дәрежелі ҚМЖ сақталады, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін экологтар жүргізген мониторинг мәліметтеріне сүйенсек, Өскеменде ауаға тараған бірқатар ластаушы зат мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткен. Нақты айтқанда, күкірт диоксиді нормадан 1,4 есеге, көмірқышқыл газы 1,5 есеге асқан. 

Еске салсақ, Өскеменді тұман тұмшалап тұрғанына 2 апта болғаны жайлы жазғанбыз.