Өскеменді кешелі бері түтін тұмшалап тұр

Фото: Фото: Өскемен қаласы тұрғындарынан

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында жел соқтай, қала ішін түтін басқанына екі күн болды.

23 желтоқсаннан бері Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып тұр. Осындай күндері тұрғындарға көшеде көп жүрмей, үйде терезелерін қымтап отыруға кеңес беріледі. 
«Қазгидромед» РМК мәліметіне сүйенсек, ертең де қалада жел соқпайды.

— 24 желтоқсан сағат 20.00-ден 25 желтоқсан сағат 20.00-ге дейін Өскеменде II дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, — делінген ақпаратта. 

Сондықтан экологтар мен дәрігерлер алдағы уақытта халыққа ҚМЖ кездеріндегі сақтық шараларын қаперде ұстау қажеттігін ескертті. 

Қараша айында Өскеменде халық тұншығып, ал сарапшылар ауа сапасының мониторингі сылбыр жүргізілетінін сынаған болатын. 

Сондай-ақ Өскеменде экология саласына бөлінетін қаражат көлемі өсетіні хабарланған. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезіндегі сақтық шаралары мына сілтемеде