Өскеменде 12 жастағы қыз іздестірілуде

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде полиция қызметкерлері жоғалып кеткен, кәмелеттік жасқа толмаған қызды іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 тамыз күні сағат 18:30-дар шамасында Өскеменқаласының Есенберлин көшесі 4 «А» мекенжайы бойынша тұратын, 12.05.2007 жылытуған Қанапиянова Жанерке Дәуренқызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Оны іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, іздеу шараларынаӨскемен қаласы полиция басқармасының жекеқұрамы мен Ұлттық ұланның 60 әскери қызметкері жұмылдырылған.

Іздеуші топтардың іс-қимылын дұрыс үйлестіру және оқиғаболған аймақта тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облыстықПолиция департаментінің жеке құрамы мен басшылығы жүр.

Жоғалған қыздың ерекше белгілері: бойы 130-135 см,орта денелі, шашы орташа ұзын, шашы мен көзі қара, қоңыр түсті жейде, ашық жасылтүсті шолақ шалбар киген.

Жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, жергіліктіполиция бөліміне барып немесе «102» телефонына қоңырау шалу керек.