ҚР Президенттігіне үміткерлердің үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін қалада 33 тумба қойылды.
10 сәуірден сайлаушылар өзі тіркелген орын бойынша сайлау учаскесіндегі тізімнен өзі туралы ақпараттың дұрыстығын тексере алады. Қате табылып немесе сайлаушы тізімде болмаса, онда ол учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жазады. Комиссия өтініш түскен күні оны қарауға міндетті.