ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдттер жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 34 фактісінің жолы кесілді.
— Заңсыз айналымнан 1 тонна 311 литр спиртті өнім тәркіленді. Барлық құқық бұзушылар мемлекеттік тіркеусіз және қажетті рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген ақпаратта.
Былтыр полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 21 фактісін анықтап, заңсыз айналымнан 825 литр спиртті өнімді тәркілеген болатын. Ал 2024 жылы 26 фактінің жолы кесіліп, 650,5 литр айналымнан алынды.
— Анықталған фактілердің едәуір бөлігі Асқартау көшесіне тиесілі. Жыл басынан бері бұл көшеде алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 16 фактісінің жолы кесіліп, заңсыз айналымнан 1 тонна 272 литр спиртті өнім алынды. Заңнамада көзделген барлық процестік іс-шаралар аяқталғаннан кейін тәркіленген спиртті өнім белгіленген тәртіппен жойылады, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Астанада заңсыз алкоголь саудасына қарсы бақылау күшейтілгені хабарланған.