Бүгін патруль полиция батальоны мен ШҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «Автобус» жедел алдын алу шарасы аясындағы рейд кезінде есірткі қабылдап, көлік айдаған жүргізушіні ұстады.
Куәландыру нәтижесінде қала ішінде тұрақты түрде жолаушы тасымалдаумен айналысқан 28 жастағы шағын автобус жүргізушісінің каннабиноид қабылдағаны анықталды.
Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетейік, 10-17 қазан аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.