ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған штаб өкілдері тұрғындарды әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кешелі бері әлеуметтік желілерде «Өскеменге Мәскеуден келген 3 адамнан коронавирус анықталды» деген ақпарат тарап кеткен.
«Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қазір ШҚО-да бір де бір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелмеген. Ел арасында жалған ақпарат таратқандардың заңға сәйкес жазаға тартылатынын ескертеміз», - деп хабарлады штаб өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.