ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы көпқабатты үйдің терезесінен 3 жасар бала құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 тамыз күні сағат 15.00 шамасында Островский көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде болған.
«Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін терезеден құлап кетті. Түрлі дене жарақатын алған 2017 жылғы пәтер иесінің қызы ауруханаға жеткізілген», - делінген ведомство мәліметінде.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 8 бала терезеден құлаған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.