ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Деповская көшесіндегі қоймаларда шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, тілсіз жау сағат 20.49-да сөндірілген. Алдын ала мәліметтер бойынша қызыл жалынға оранған бокстардың бірінде ескі техника бар.
«Өрттің салдарынан қойманың төбесі құлап кеткен. Зардап шеккен ешкім жоқ. От шарпыған жалпы аумақ 400 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнында 30 құтқарушы мен 9 техника жұмыс істеуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде бірнеше қойманың өртеніп жатқаны хабарланған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.