ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 8 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 қыркүйекте кешкі уақытта болған.
«Lada Vesta» автокөлігін тізгіндеген әйел адам М.Горкий көшесінен Пермитин көшесіне қарай келе жатты. Сол кезде ол реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтіп бара жатқан 8 жасар баланы қаққан. Оқушы бірден бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.