ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, рейд барысында арнайы рұқсаттамамен жүрген 45 жүргізушінің мемлекеттік органдарға және шаһардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындарға еш қатысы жоқ екендігі анықталған.
«Тәртіп сақшылары 1989 жылғы әйел адам тізгіндеген «Фольксваген Пассат» көлігін тоқтатты. Тексеру барысында оның мемлекеттік қызметте немесе қандай да бір ЖШС-да жұмыс істемейтіндігі белгілі болды. Сондай-ақ полицейлер рейд кезінде «Хюндай» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Қызыл түсті арнайы рұқсаттаманы көрсеткен жүргізуші зейнеткер болып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полиция қызметкерлері тәркілеген рұқсат қағаздары қалалық әкімдікке жіберілген.