ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Мұндай шешім «кәмелетке толмағандар вандализмі» бабы бойынша әкімшілік іс аясында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, 10 шілдеде полицияға Абай ескерткішіне белгісіз біреу сурет салып кеткені хабарланды. Қаскүнем видеобақылау камералары арқылы анықталды.
«2 шілде күндіз кәмелетке толмаған үш жасөспірім ескерткішке велосипедпен келген. Олардың бірі ескеркішке жазу жазып кетті»,- деді ШҚО ПД-дан.
«Суретші» табылып, сотқа «кәмелетке толмағандар вандализмі» 448-бабы бойынша әкімшілік іс берілді. 13 шілдеде сотта қаралды.
Айта кетейік, бұл бап бойынша жасөспірімдердің ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапқа тартылады. Атап айтқанда, 15 АЕК немесе 51750 теңге айыппұл салынды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.