ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы ағаш өңдеу цехынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемендегі ағаш өңдеу цехын қызыл жалын шарпыған.
Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жаудың аумағы - 450 шаршы метр.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден аттанды. Қазір оқиға орнында 13 бірлік техника мен 50-ден астам құтқарушы жұмыс істеуде. Зардап шеккен ешкім жоқ» делінген ақпаратта.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.