Аталған нысан өңірдің шаруа қожалықтарына өз өнімдерін тұтынушыға делдалсыз, тікелей өткізуге мүмкіндік береді.
Жалпы, кейінгі жылдары шығыста ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылды. Соның бірі - сүтпен қамту. Өткен жылы облыста 10 сүт қабылдау бекеті ашылып, халықтан 48 мың тонна сүт сатып алынған. Ал Семейде ирандық «АгроПортал» компаниясы жылына 30 мың тонна өңдейтін комбинат, Аягөзде австралиялық компания 11,5 мың тонна ет өңдейтін зауыт салып жатыр.
«Орынбасарым Шалқар Байбековке жылдың алғашқы жартысында ауыл шаруашылығы өнімдерін көтерме-бөлшек бағамен сататын сауда орталығының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді тапсырамын» - деді ШҚО әкімі.