Өскеменде алдағы Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған салтанатты шаралар өтті

None
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған салтанатты шара барысында мемлекеттік тіл саясатына қосқан үлесі үшін, қоғамдық келісімді, бірлік пен достықты нығайтуда атқарған белсенді қызметі үшін аймақтың бірқатар тұрғындары марапатталды.

Облыс әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков тұрғындарға облыс әкімінің грамотасын, ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің алғыс хаттары мен грамоталарын, сондай-ақ бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Тіл мерекесіне арналған іс-шараның ашылуында аталып өтілгендей, бұл мереке елімізде Қазақстан халқының мызғымас бірлігінің, оның болашаққа талпынысының белгісі ретінде тойланады.