ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полицияға бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін тәртіп сақшыларына Өскемендегі мектептерге бомба қойылғаны туралы хабарланған. Қазіргі уақытта сол жерлерде тексеру жүргізіліп жатыр.
«8 қарашада полицияға бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына бірден мамандандырылған қызмет өкілдері келіп жетті. Қазіргі уақытта оқу орындары толыққанды тексеріліп жатыр», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство дерегінше, мектептердің қызметкерлері мен оқушылары эвакуацияланған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.