Өскеменде алғашқы фермерлік дүкен ашылды
13:48, 15 Қазан 2013
ӨСКЕМЕН. 15 қазан. ҚазАқпарат - Өскеменде таяуда ашылған «Фрэш маркет» алғашқы фермерлік дүкеніне қаржы министрі Болат Жәмішев пен ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бастаған агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне салық салуды жетілдіру мәселелеріне арналған аймақтық семинар-жиын қатысушылары келді.
Сонымен қатар олар ауыл шаруашылығы өнімдерінің күзгі жәрмеңкесін де аралап көрді.
Алғашқы өскемендік фермерлік дүкенде азық-түлік өнімдерінің бағасы базрдағыдан 20-40 пайызға төмен. Атап айтқанда, мұнда қой еті 800, сиыр еті 900 теңгеден сатылады.
Бұл дүкенге барлық өнімдерді жергілікті шаруа қожалықтары жеткізеді. Оларды ұзақ тасымалдаудың және сақтаудың қажеті жоқ. Барлық өнімдер қатаң бақылаудан өткізіледі.