Жәрмеңкеге қаланың 37 кәсіпорыны ұсынған бос орындар тізіміне электр-газбен дәнекерлеуші, бетоншы, сылақшы, құрылысшы, сондай-ақ қызмет көрсету саласы, экономика және бухгалтерлік есеп мамандықтары кірген.
Бос қызмет орындары жәрмеңкесінің нәтижесінде 30-ға жуық жұмыссыз азамат жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болды.
Жұмыс жәрмеңкесі «Алимент төле!» акциясының аясында «Жұмыспен қамту орталығы» КММ мен кәсіпкерлердің жәрдем көрсетуімен өткізілді.
Шараға тек алимент борышкерлері ғана емес, жұмыс іздеп жүрген басқа да қалалықтар қатысты.