Өскеменде апат салдарынан 350 абонент жарықсыз қалды

Фото: pixabay.com

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскеменде апатқа баланысты жарық сөндірілді.

«Бірлескен энергосервис компаниясы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан Куленовка шағынауданында 350 отбасы жарықсыз қалды.

-Жарықтың сөндірілуіне жол бойымен жүргізілген жерасты кабельдерінің зақымдануы себеп болған. Бұл жағдай жөндеу жұмыстарын жүргізуге қиындық тудырды,-деп хабарлады компания өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел бригада жұмыс істеп жатыр. Жарық жөндеу жұмыстары аяқталған соң бірден беріледі.

Осыған дейін Алматының біраз бөлігі жарықсыз отырғаны туралы жаздық.