Өскеменде апаттың салдарынан трамвайлар тоқтап тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде жөндеу қызметі төрт сағат бойы трамвайлардың қозғалысын қалпына келтіре алмай жатыр. Михоэлс көшесіндегі Спорт сарайының маңында трамвайдың электрмен жабдықтайтын сым кергісі қирап, ондағы сымдар құлап қалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Трамвай паркі жөндеу жұмыстарына аяздың кедергі болып жатқандығын хабарлады - бүгін таңертең Өскеменде минус 38 градус аяз болды.
Қаладағы трамвайлар толықтай тоқтап тұр.