Өскеменде ауа сапасының нашарлауы кесірінен 4 адам ауырды
ӨСКЕМЕН.KAZINFORM – Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар салдарынан 4 адам ауырды.
Осыдан екі жыл бұрын дәрігерлерге «тамақ күйігі» диагнозын қоюға рұқсат беретін клиникалық хаттама бекітілген еді. Содан соң медицина қызметкерлеріне диагноздың қандай жағдайда қойылатынына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас терапевті Михаил Бугайцовтың айтуынша, Өскеменде 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейін бұл диагноз тек 4 адамға қойылған.
- Ластанған ауамен тітіркенген тамаққа ағзамызда үнемі болатын респираторлық инфекцияның қоздырғыштары түседі. Содан адамда тамағы күйген сияқты сезіледі, - дейді ол.
Еске салсақ, осыған дейін Өскемен қаласында қалыптасқан қолайсыз метеорологиялық жағдайларға қатысты арнайы брифинг өткені хабарланған.