Ғимарат құрылысы былтыр қыркүйекте басталған. Мердігерлердің айтуынша, жобаға негізінен отандық өндіріс материалдарын пайдаланып жатыр.
«Әуежай халықаралық стандартқа сәйкес келетін болады, - деді Өскемен «Промтехмонтаж» басқармасы директорының орынбасары Болатбек Сақалбеков.
«Жобада үйжайдың орналасуы ескеріліп, жүк беру ұйымдастырылады».
Даниал Ахметов сапаға баса мән беріп, ғимаратқа сыртқы тамбур қарастыруды тапсырды.
«Егер әуежай ғимаратының қасбетіне қарасаң, бәрі жақсы сияқты. Ал мұнда жүк тасымалдау баяғы заман әдісімен, қызметкерлер бирканы тексереді. Бұл өткен ғасырға қайта оралу ғой. Енді бәрі жақсы болады, - деп атап өтті ол.
Құрылыс аяқталғаннан кейін сағатына 200 адамдық халықаралық стандартқа сай заманауи терминал ашылады. Бұл рейстердің жиілігін арттырып, «Қазақстан-Еуропа - Оңтүстік Шығыс Азия» елдері бағыттары бойынша жаңа авиатасымалдаушыларды тартуға мүмкіндік береді.
19:52, 07 Сәуір 2017
Өскеменде әуежайға ұшу терминалын салу жұмыстары жаз ортасында аяқталады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО әкімі Даниял Ахметов Өскеменде жаңа әуежай терминалын салу жобасын іске асыру барысымен танысты. Оны іске қосқан кезде рейстердің жиілігі ұлғайып, жаңа авиатасымалдаушылар тартылатын болады, деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірдің ақпараттың орталығына сілтеме жасап.