Оқиға 28 қараша күні таңертең болған. Абай даңғылындағы аялдамада маршруттық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан ол сол жерде көз жұмды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.