ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Тоғас көшесінде болған. Жолаушы тасымалдап келе жатқан автобус пен КамАЗ соқтығысып қалды.
«62 жастағы автобус жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығып бара жатып маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген. Соның салдарынан негізгі жолда келе жатқан КамАЗ-бен соқтығысты. Жол апатынан қоғамдық көліктегі 2 жолаушы зардап шекті. Жедел жәрдем қызметкерлері оларға алғашқы көмек көрсетті», - делінген ақпаратта.
Полиция қызметкерлері автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.
Еске салсақ, кеше Өскеменде автобус жер үйге соғылғанын хабарлаған едік.