ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 05.30 шамасында Карбышев көшесінде болды.
«Subaru Forester» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып автобусқа соғылған. Соның салдарынан түрлі дене жарақатын алған 33 жастағы жеңіл көлік иесіне медициналық көмек көрсетілді», - делінген ведомство мәліметінде.
Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.