Жарылған пневматикалық баллон сынықтарынан автобус күтіп тұрған 63 жастағы әйел жарақат алған болатын. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ол бірден медициналық мекемеге жеткізілген.
— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген ақпаратта.
Қала әкімі Алмат Ақышов осы оқиғадан соң тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
— Осы бағытта жүретін автобустар ауыстырылады. Бұл жайлылық үшін ғана емес, жолаушылардың қауіпсіздігіне де қатысты екенін түсініп отырмыз, — деді ол.
Еске салсақ, Өскеменде пойыз бен автобус соқтығыса жаздағанын жазғанбыз.