ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында жылы аялдама павильонынан адам мәйіті табылды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына қаладағы Назарбаев даңғылында орналасқан жылы аялдама павильонында адам мәйіті жатқандығы туралы хабар түсті.
«Полицейлер оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Павильон ішінен ер азаматтың мәйіті табылды. Болжам бойынша ол тұрғылықты мекенжайы жоқ адам. Оның нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған. Ведомство дерегінше, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.