Өскеменде Азиада алауын алып өтетін екінші адам анықталды

None
ӨСКЕМЕН. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өзінің тағы бір өкілі - Эстафета барысында Өскеменде алау алып өтетін екінші адамды анықтады.

Бұл туралы ақпаратты ведомство жаңа ғана жария етті. Ол Жарма ауданы Әуезов кентінің жеке бекетіндегі өрт сөндіруші Асхат Елеусізов болды.

Асхаттың спорт саласындағы жетістіктеріне тоқталатын болсақ, ол спорттық аренада волейболдан спорт шебері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Кубогының 2003 жылдағы күміс жүлдегері, ШҚО құрамындағы 2008-2009 жылдардағы Қазақстан чемпионы ретінде белгілі.