ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар шаһарда азық-түлік қорының жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соңғы күндері қала тұрғындары жаппай азық-түлік сатып алуда. Дүйім жұрт тауарлардың жетпей қалады және баға қымбаттап кетеді деп алаңдаулы. Осы орайда қала әкімі халықты сабырға шақырды.
«Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашевтың төрағалық етуімен бұл мәселеге орай жиын өтті. Оған қаладағы барлық сауда орталықтары мен базар басшылары қатысқан. Жиын барысында азық-түлік қорының жеткілікті және бағаның тұрақты екені айтылды. Сондықтан тұрғындарды даурықпауға шақырамын», - дейді Жақсылық Мұқашұлы.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.