Өскеменде балабақша өртенді, зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Өскеменде балабақшада болған өрт кезінде 94 адам жедел көшірілді,

деп   хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз   қызметінен.

Өскеменде   кеше,  шілденің 30-ы күні сағат 15.38-де   №5 балабақшада өрт шықты -   төсек  жаймалары сақталатын   қойманың 4  шаршы метрдей ауданы өртенді.  Құрбан болғандар  мен  зардап шеккендер жоқ.  Оқиға салдарынан 94 адам  жедел көшірілді.   Тілсіз жау         өрт сөндіру  қызметінің күшімен   бір сағаттың ішінде ауыздықталды.