Өскеменде баланы көлігімен қағып кеткен әйел оқиға орнынан ізін суытқан
20:34, 26 Мамыр 2015
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында жолда кетіп бара жатқан 10 жасар баланы көлікпен қағып кеткен жас әйелді іздестіруде.
Қазіргі кезде бас-ми жарақатын алған бала аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп айтып отыр.
Қалалық сайттарда орналастырылған бейнекадрларда сыртқы бақылау таспасына түсіп қалған апат сәті көрсетілген, баланың жақындары оған куәгер болған азаматтардың хабарласуын сұрайды.