Куәгерлер Бажов көшесі 34Б мекенжайындағы үйдің 2-қабатындағы балконның шатырында отырған баланы байқап қалып, хабар берген. Бала үйдің шатырына өрмелеп мініп, балконның қоршауына сырғанап түскен.
Оқиға 19 қаңтар күні орын алған, ол күні аяз салдарынан мектептердегі сабақтар бастауыш сынып оқушыларына болмаған.
Айтылған мекенжайға ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстар қызметі» бөлімшесінен келіп түскен.
Баланың өміріне еш қауіп төнбеген. Алайда, құтқарушылар баланы баспалдақтың көмегімен жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына табыстады.