Өскеменде білім беру және ғылым үдерістерін ақпараттандыру бойынша республикалық конференция ашылды

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде «Жоғары оқу орындарындағы білім беру және ғылыми қызметтерді ақпараттық қамтамасыз ету» деп аталатын екі күндік республикалық конференция басталды.

Оны ҚР Білім және ғылым министрлігі, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияның жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің, Қазақстан жоғары оқу орындары проректорлық корпусының басшылары, республика бойынша ЖОО кітапханаларының директорлары қатысты.

Конференцияны ұйымдастырушылар Болон үдерісі тұрғысында республика жоғары оқу орындарындағы білім беру және ғылыми қызметтерді ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелерін талқылауда.

Бүгін конференцияның ашылуы кезінде жоғары оқу орындары кітапханаларының кітап қоры миллионнан астам бірлікті құрайтыны, сондай-ақ электрондық библиографиялық ресурстар, оның ішінде электрондық каталог 250 мыңға жуық жазбаларды біріктіретіні айтылды.

Әрине, жоғары оқу орны ғылыми кітапханасының айрықша мақтанышы сирек кітаптар қоры болып табылады. Ондағы ең ежелгі кітап 1660 жыл деп белгіленген. Ал «Сібірдің сызба кітабы» және «Русско-киргизский и Киргизско-русский словари» деген кітаптар «Әлем жады» деп аталатын Ұлттық құжаттама мұраларының тізіліміне енеді.

Конференцияға қатысушылар «дөңгелек үстел» басында пікірталастар өткізеді және республика жоғары оқу орындарының үздік кітапханашыларын марапаттау салтанаты болады.