Өскеменде бірнеше көшенің тұрғындары сусыз қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Коммуналдық қызмет түнде болған апаттың салдарын жоюда - Шмелев Лог мөлтек ауданындағы диаметрі 300 мм болатын қысымды су тартқыш бұзылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Су кешеден бері таңғы сағат 6-ға дейін қаланың орталық бөлігіндегі сегіз көше мен Шмелев Лог мөлтек ауданында тоқтатылды, алайда «Өскемен-Водоканал» коммуналдық қызметі жөндец жұмыстарын бір түнде аяқтай алмады, сондықтан бұл жұмыстар жалғастырылуда, ал суық су бұл ауданда әзірге жоқ.

Түнде судың ағынынан қаладағы трамвай паркі ауданындағы бірнеше көшені су басты. Қала әкімінің баспасөз хатшсы Әсем Сексенованың ақпараты бойынша, әкім Қуат Тумабаев коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге апаттың салдарымен күрес жұмыстарымен айналысуда.