Ведомствоның хабарлауынша, Деповская көшесіндегі қоймалардағы өрт бүгін кешке 20.00 шамасында басталған. Қазіргі сәтте бокстар қызыл жалынға оранған.
Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау 400 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға орнында 30 құтқарушы, 9 техника жұмыс істеп жатыр.
Өрт аса күрделі деп бағаланып отыр.