Өскеменде биыл қанша жаңа трамвай алынады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында осы жылы қоғамдық көліктер жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы 55 автобус және 5 трамвай сатып алынбақ.

Соңғы рет трамвай паркі осыдан 75 жыл бұрын жаңартылған.

Сондай-ақ Мызы көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықтағы трамвай жолдарын, 1959 жылғы үлгідегі рельстерін, көше жарықтарын ауыстыра отырып жөндеу жоспарланып отыр.

«Биыл шаһар бойынша 10 жол учаскесі орташа жөндеуден өтеді. Лопатино аралы ауданындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірден Ахмер ауылына дейінгі көлік жолын аяқтап, Белинский, Карбышев және Базовая көшелерін қайта жөндеуді бастау көзделуде», - делінген ақпаратта.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаланың 11 көшесінде тротуарлар жөндеуден өтеді.