ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың алты айында Өскеменде 60 күнде қолайсыз метеорологиялық жағдай болды. Мәселен, 2021 жылдың 12 айында осындай жағдай тек 42 күнде қалыптасқан.
Статистикаға сәйкес, соңғы сегіз жыл ішінде қаладағы қолайсыз метеорологиялық жағдай күндері 42-ден 91-ге дейінгі аралықта болды. Бірақ осы жылдың жарты жылдығында күрт артып отыр.
«2022 жылы 99 күнде, 2020 жылы 70-тен астам күнде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыпасқан. Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың, яғни тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман мен инверсия жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал», - дейді департамент басшысы Данияр Әлиев.