ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 қараша күні сағат 10-41-де Өскемен қаласындағы 6 мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскен.
Бірден мамандандырылған қызмет мамандары оқиға орнына келіп жетті.
«Мектептерде қызметкерлер мен оқушылар эвакуацияланды. Тексеру нәтижесінде қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жарылғыш зат туралы көрінеу жалған хабар таратқан адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.
Полиция департаменті мұндай қылмыс жасаған адамның қоғамдық резонанс тудыратынын және оның ықтимал салдарын ескере отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылатынын ескертеді.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде полицияға бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскенін хабарлаған едік.