Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 13 қыркүйек күні шамамен таңғы сағат 04:00 шамасында тіркелген.
«Облыс орталығындағы Қазақстан көшесі бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің терезесінен 1995 жылғы бойжеткен абайсызда құлап кеткен. Бойжеткен бірден ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын анықталу үстінде. Бойжеткеннің қандай дәрежеде жарақат алғаны әзірге хабарланбады.