Өскеменде бір күннің өзінде 14 баланы кене шақты

Фото: Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында кенеден зардап шеккендер саны күрт көбейді. Биыл өңірде кенелер әдеттегіден ерте шықты. Бұл жәндіктерден ересектерге ғана емес, балаларда зардап шегіп жатыр.

24 наурыз бен 14 сәуір аралығында кене шаққан балалардың саны 65-ке жетті. Дәрігерлер мұндай көрсеткіштің бұрын болмағанын айтып, дабыл қағып отыр. 

— Соңғы бір күннің өзінде ғана 14 баланы кене шақты. Барлық баланың ішіндегі 63-іне уақтылы екпе салынды. Ал екеуі ауруханаға тым кеш қаралған. Зардап шеккен балалардың ең кішісі 3 жаста, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Ана мен бала орталығының травматология орталығынан.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда кенемен күреске 144 млн теңге бөлінгені хабарланған.