Өскеменде бүгін бірінші ауысымдағы оқушылар сабақ оқымайды
08:48, 27 Қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде бірінші ауысымның 0-11 сыныптары аралығында сабақ өткізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Білім басқармасының ақпараты бойынша 27 қаңтарда Өскемен қаласында ауа температурасы минус 11 градус, жел 12 м/с, сондықтан 1 ауысымның 0-11 сыныптары аралығында сабақтар болмайды», делінген хабарламада.