Өскеменде бұқаралық жеңіл атлетикалық жүгіруге дайындық жүргізілуде

None
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен Спорт күніне дайындық үстінде. Ертең қалада облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен жаңа ұлттық мерекеге арналған жеңілатлетикалық жүгіру ұйымдастырылады.

Спорттық жүгіру Даңқ мемориалы жанынан бастау алады. Жүгіріске қаланың балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, сонымен қатар жеңіл атлет спортшылар, шаңғышылар мен ниет танытқан спорт сүйер қауым қатысады.

Облыстың Спорт басқармасынан атап өткендей, мерекелік шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, балалар, жеткіншектер мен жастарды спорт үйірмелеріне тарту.