Ол 2008 - 2015 жылдар аралығында аталмыш филиалда заңгер, одан соң директордың орынбасары, директор болып істей жүріп, ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Сөйтіп, ауыл тұрғындарына несие беру үшін бөлінген бюджет қаржысын жымқырып келген.
5 адамнан тұратын қылмыстық топ жалған кепілдік мүлік келісімшарты негізінде жалған несие құжаттарын жасаған. Сол арқылы Үржар, Көкпекті, Бородулиха аудандарының және Өскемен, Семей қалаларының тұрғындарына несие беру туралы шешім шығарып отырған.
Қылмыстық топ қаржыны несие алушы тұрғындардың атына аударып отырған. Несие алушы тұрғындар «сыйақы» ретінде ол қаржының шағын бөлігін алып қалып, қалғанын қылмыстық топ мүшелері арқылы қор филиалының директорына беретін.
Экс-директордың қылмыстық әрекеттерінен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалына 67 миллион 510 мың 867 теңге, тұрғындарға 24 миллион 300 000 теңге материалдық шығын келген.
Ол лауазымдық өкілдігін асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және алаяқтық әрекеттер жасап, мемлекетке аса ірі мөлшерде шығын келтіргені үшін 8 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сот үкімі күшіне әлі енген жоқ.