Өскеменде діни сауаттылықты көтеру мәселелері талқылануда

None
ӨСКЕМЕН. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменнің политехникалық колледжінде елдегі конфессияаралық тұрақтылықты одан әрі қамтамасыз етуге арналған шаралар кешені басталды.

Таңертең семинар ашылды, оның орнын «дөңгелек үстел» мен баспасөз мәслихаты басады, олардың қатысушылары тұрғындардың діни сауаттылығы деңгейін көтеру мәселелерін талқылайды.

«Жарыссөз» күнінің жұмысына Қазақстанның шығыс және батыс аймақтары бойынша құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, білім басқармаларының, діни істер бойынша департаменттердің өкілдері қатысады.

Діни істері жөніндегі департаменттен хабарлағандай, шараларды ҚР Дін істері агенттігімен бірлесе отырып «Республикалық жарыссөзшілер ассоциациясы» РҚБ өткізуде.